Иа (164) | 164 |
Жоқ (122) | 122 |
Мектептің жұмыс тақырыбы: «Оқыту мен оқуды жақсарту үшін оқушы-
мұғалім- ата-ана қоғамдастығында көшбасшылықты тәрбиелеу»
Пән апталықтары
Мақсаты: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау әрекетін қалыптастыру
№ |
Пәндер бірлестігі |
Мерзімі |
Жауапты |
Нәтиже |
1 |
Қазақ тілі және әдебиеті |
А.Бейсенбина |
Директор жанындағы мәжіліс |
|
2 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
8-13.10.2018 |
А.Габдрашитова |
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС |
3 |
Эстетикалық цикл: технология, бейнелеу өнері, музыка, сызу, өзін-өзі тану |
15-20.10.2018 |
М.Рахимжанова |
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС |
4 |
Бастауыш сыныптар |
22 - 27.10.2018 |
А.Серікбай |
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС |
5 |
Ағылшын тілі |
12-17.11.2018 |
С.Айтжанова |
Директор жанындағы мәжіліс |
6 |
Математика |
|
Б.К.Мукажанова |
Директор жанындағы мәжіліс |
7 |
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы: тарих, құқық, дінтану |
10-15.12.2018 |
А.К.Беркинбаева |
Директор жанындағы мәжіліс |
8 |
Жаратылыстану бағыты: биология, химия, география |
14-19.01.2019 |
Ж.Жекебаева |
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС |
9 |
Физика, информатика пәндері апталығы |
21-26.01.2019 |
Ә.Болыс |
Директор жанындағы мәжіліс |
10 |
Өзін-өзі тану апталығы |
11-16.02.2019 |
М.Рахимжанова |
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС |
11 |
Дене шынықтыру, АӘД |
18-23.02.2019 |
А.Забенов |
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС |
12 |
Көптілділікті меңгеру |
Ж.Мақсұт |
Директор жанындағы мәжіліс |
|
13 |
Жас мамандар апталығы |
8-13.04.2019 |
С.Сағатбекова |
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС |
14 |
«Үздік мұғалім -2019» байқауы |
сәуір |
Ж.Алпанова |
Директор жанындағы мәжіліс |
Директордың ҒӘІЖ орынбасары Ж.Алпанова
2019 жылдың 14.01-19.01. аралығында мектепішілік «Жаратылыстану әлемі» тақырыбында география, биология және химия пәндері бойынша апталық өтті.
Мақсаты: «Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру арқылы функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
Міндеттері :
1. Табиғаттың тылсым сырлары арқылы жаратылыстану ғылымдары туралы білімдерін жетілдіреді;
2.Пәндік білімдерін өмірде қолдануға машықтанады
3.Туған жерге деген сүйіспеншіліктері арқылы экологиялық тәрбие алады;
Күтілетін нәтиже: барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын , сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын жеке тұлға моделі алынады. Нәтижеге қол жеткізу үшін еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін енгізіліп жатқан оқытудың 7 модулді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне мән беріп, сабақтағы оқу үрдісін осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді
№ |
Өткізілетін ашық сабақтардың тақырыбы |
Күні, ауысымы, сабақ реті |
Өтетін орны |
Сыныптар |
Жауапты мұғалімдер |
Ашық сабақтар |
|||||
1 |
Friendship |
|
301 каб |
5е-сынып |
Ыхлас С. |
2 |
The Role of Gadgets in our life |
15.11.2018 – 3 саб 1 ауысым |
307 каб |
7 в сынып |
|
3 |
Natural wonders of the world |
|
307 каб |
6е-сынып |
Әлиасқар С. Қ |
4 |
An unforgettable destination |
307 каб |
6е-сынып |
Мукажанова А.О. |
|
5 |
Days of the week |
|
205 каб |
3в-сынып |
Тұрсын Қ. |
6 |
TV programmes |
307 каб |
8б-сынып |
Айтжанова С.О. |
|
|
Character adjectives |
|
401 каб |
5е-сынып |
Құдабай Ә. |
|
|
|
|
|
|
Іс-шаралар |
|||||
1 |
Әдістемелік бескүндіктің ашылуы |
Акт залы |
8-11, 5-7 |
Айтжанова С.О. Ибраева У.У |
|
2 |
TEDx |
|
Акт залы |
|
Айтжанова С.О. Ибраева У.У. |
3 |
Harvest festival |
14.11.2018 12.00 |
Акт залы |
1-2 сыныптар 5-7сыныптар |
Ыхлас С. Зулкашева Г.С. Тиллабекова Б.М. Мукажанова А.О. |
4 |
Reading club |
|
Кітапхана |
8-9 сыныптар |
Айтжанова С.О. Ибраева У.У. |
5 |
Project work |
|
Кітапхана |
3-сыныптар |
Зулкашева Г.С., Тиллабекова Б.М. Тұрсын Қ. |
6 |
Olympiad |
|
307 каб |
4-сыныптар |
Құдабай Ә. Ыхлас С. |
7 |
Білім көрмесі |
3 қабат 4 қабат |
5-7 сыныптар |
Ыхлас С. Тиллабекова Б.М. Мукажанова А.О. Әлиасқар С.Қ. Құдабай А. |
Ағылшын тілі апталығы 12.11.2018 жылы салтанатты сап түзеулерден басталды. Жоғары ауысымда сап түзеу 10 сынып оқушылары Пернебек Айбол және Әбдінаби Қымбат Ағылшын тілі пән онкүндігінің ашылуы туралы хабарлап, осы онкүндіктің аясында лицей оқушыларына арналған іс-шаралар туралы қысқаша айтып және слайд арқылы жоспарланып отырған қызықты іс-шаралар туралы айтты, барлық оқушыларды белсенді түрде қатысуға шақырды.
Ағылшын тілі пән мұғалімдері Ыхлас С. Зулкашева Г.С. Тиллабекова Б.М. Мукажанова А.О. 1-4 сыныптар мен 5-6 сынып оқушыларын қатыстырып 14 қарашада Harvest Festival атты концерт кеш өткізді. Кешке сынып жетекшілер мен қоса ата аналар да қатысты. Кеш барысында оқушыларға осы фестиваль туралы тарихи мәліметтермен қатар, Ұлы Британия халқына қандай ерекше екені туралы айтылды, көріністер көрсетіліп ағылшын тілінде әндер айтылды, оқушылар флешмоб дайындады.
15 қараша күні 10-9 сыныптар арасында Reading club атты кеш ұйымдастырылды. Оқушылар жыл бойы оқыған кітаптары туралы көріністер мен презентациялар жасады. Ағылшын тіліндегі көркем әдебиетті оқу, оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырады, сондықтан біздің мектеп кітапханасына жыл сайын ағылшын тілінде көптеген кітаптарға тапсырыс беріледі. Оқушылар ағылшын тілінде өз ойларын анық жеткізе алды және сөйлеу дағдысы жақсы дамығанын көрсетті, талқылау барысында қатысқан мұғалімдердің сұрақтарына жауап беріп, өз көзқарасын дәлелдеді.
15 қараша күні 3 сыныптар арасында Project work іс шарасы өтті. Оқушылар түрлі тақырыптарға сай жоба жұмыстарын қорғады. Оқушылар бұл іс-шараға белсене қатысты, өздерінің жобаларын ағылшын тілінде қорғады. Қазылар мүшелерінің сұрақтарына жауап бере алды.
№ |
Аты-Жөні: |
Сыныбы |
Орыны |
Мұғалімі |
1 |
Құрманәлі Арман |
3 Ә |
I-Орын |
Тұрсын Қ.Е. |
2 |
Бердібек Ерасыл |
3 Ғ |
I-Орын |
Зулкашева Г.С. |
3 |
Жүсіп Әйгерім |
3 Г |
II-Орын |
Тұрсынташова Ж. |
4 |
Әлібек Али |
3 Ғ |
II-Орын |
Зулкашева Г.С. |
5 |
Елтай Ажар |
3 Б |
III-Орын |
Тұрсын Қ.Е. |
6 |
Оңғар Айдана |
3 Б |
III-Орын |
Тұрсын Қ.Е. |
16 қараша күні 4 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты: ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру және білім деңгейін анықтау. Әр сыныпта сынып аралық іріктеуден ең жоғарғы нәтиже көрсеткен 22 оқушы олимпиадаға қатысты. Олимпиада басталмас бұрын оқушыларға олимпиаданың мақсаты мен ережелері түсіндірілді.Сыныпта жауапты мұғалімдер отырып іс –шараның талапқа сай өтуін қадағалады. Тапсырмалар оқушылардың осы оқу жылында өткен грамматика мен жалпы өз деңгейлеріне сай келетін білімдерін тексеретін тапсырмалардан тұрды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 22 оқушының 4-уі жүлделі орындарға ие болды
№ |
Аты-Жөні: |
Сыныбы |
Орыны |
Мұғалімі |
1 |
Асылхан Алуа |
4 Д |
I-Орын |
Зулкашева Г.С. |
2 |
Бексейітов Таир |
4 Г |
II-Орын |
Зулкашева Г.С. |
3 |
Сыбан Арнұр |
4 Е |
III-Орын |
Тиллабекова Б. |
4 |
Болат Інжу |
4 Г |
III-Орын |
Зулкашева Г.С. |
16 қараша күні 2 ауысым оқушыларына білім көрмесі өткізілді. Белсенді оқушылар қонырау уақытында бір біріне ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы сұрақтар қойып жауап беруге тырысты.
Онкүндік барысында жоспарланған барлық ашық сабақтар ойдағыдай өтті. Мұғалімдер сабақтарында жаңа технологияларды толық меңгергендерін көрсете алды. Барлық сабақтар қызықты ұйымдастырылған, оқушылар берілген тапсырмаларды, жаттығуларды орындай алды. Сабақ барысында оқушылармен және топтық жұмыстар көрсетілді. Әр сабақта интерактивті тақтамен жұмыс жасалды, слайд және презентациямен қатар, оқушыларға бейне материалдар көрсетілді. Айтжанова С.О. мұғалімнің сабағында оқушылар ән айтып, сүреттерді бейнелесе, Ыхлас С. сабағында оқушылар бейне роликте не көргендері туралы өз ойларын жеткізе алды. Жас мамандардың сабақтарына белсене қатысып методикалық көмек берілді. Білімді жаңарту курстарын бітірген мұғалімдердің сабақтарына аса қызығушылықпен қатыстық, жаңа деңгейдегі сабақ барысында оқушылар өз білімдерін саналы түрде жақсартуға тырысатындығы белгілі. Ашық сабақтарға ағылшын тілі пән мұғалімдерімен қатар басқа пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігі қатысып сабақтарға талдау жасалды. Ағылшын тілі пән мұғалімдерінің жұмысына оң баға берілді және сабақ барысында жасалған кемшіліктер жойылсын деген ұсыныстар айтылды.
ӘБ жетекшісі Айтжанова С.О.