Иа (164) | 164 |
Жоқ (122) | 122 |
1) сынып жетекшілері оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз етеді;
2) пән мұғалімдері тоқсандық оқу бағдарламасына сәйкес белгіленген мерзімде тестілеу материалдарын дайындайды:
- математика (алгебра, геометрия) пәнінен дәстүрлі сыныптарға деңгейі стандартқа сәйкес алынса, лицей сыныптарына күрделенген тапсырмалар алынады: 1, 2 тоқсанда 10 сұрақтан, 3,4 тоқсанда 15 сұрақтан құралады. Сұрақтар құрамына әр тоқсаннан қосымша 2 сұрақтан және логикалық 2 тапсырма енгізіледі.
- қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, тарих, география пәндеріне1, 2 тоқсанда 10 сұрақтан, 3,4 тоқсанда 15 сұрақтан құралады.
- информатика, ағылшын тілі, биология,физика, химия пәндері 10 сұрақтан құралады.
- тест жауаптар нұсқасы А, В, С, D, Е деген ағылшын тіліндегі бас әріптермен беріледі.
- тесттің бір сұрағына жауабын табуға 1,5 минут уақыт беріледі.
- әрбір тапсырма 4-сыныптар бойынша ұсынылған төрт жауап нұсқасының, 7-сыныптар бойынша бес жауап нұсқасының тек дұрыс бір жауабын таңдауды талап етеді.Тапсырманың екі немесе одан да көп жауабы боялса, жауап есепке алынбайды. Таңдаған жауапты осы пәнге арналған сектордағы тиісті ұяшықты толық бояу арқылы белгілейді.
3) мектеп әкімшілігі БТС-ты өткізуге аудиториялардың (сыныптардың) дайындығын қамтамасыз етеді;
4) информатика пәні мұғалімдері мектепте БТС-ты өткізу басталғанға дейін бір күн бұрын БТС-ның сұрақ-кітапшасын, жауап парағынәр сыныптағы оқушы санына сәйкес дайындайды;
6) БТСмектеп әкімшілігі белгілеген мерзімде өткізеді;
7) БТС-ты өткізу процесін мектеп әкімшілігі белгілеген өкілі бақылайды;
8) БТС аяқталғаннан кейін кезекші мұғалім барлық оқушылардың жауап парақтарынжинап, нәтижелерін өңдеу үшін әкімшіліккеке жеткізеді;
9) жауап парақтарын тексеру үшін әкімшілік пән бойынша мұғалімдерден комиссия құрап, дұрыс жауаптардың кодымен тексеруді комиссияға жүргіздіреді;
10) нәтижелерді өңдеуден кейін пән мұғалімдері әрбір сынып бойынша 2 данада(анықтама) БТС-тың қорытындысын береді.
11) БТС қорытындысы сыныптар бойынша мектеп-лицейдің сайтында жарияланады.
12) Әр тоқсандағы пәндер бойынша БТС қорытындысы әдістемелік бірлестік отырысында, педагогикалық кеңесте талқыланады.
І.Мектеп әкімшілігінің функциясы:
оқушылармен БТС-ты өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
оқушылардың тізімін бекітуге ұсынады;
аудиториялар мен дәліздер бойынша кезекшілердің кандидатураларын бекітеді;
тестілеуге барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;
тестілеуді өткізу үшін аудиторияларды дайындайды.
ІІ. Аудитория кезекшісінің функциясы:
аудиториялардың тестілеуді өткізуге дайындығын тексереді;
оқушыларды аудиторияларға кіргізуді жүзеге асырады;
оқушыларды орындарына отырғызады;
әкімшіліктен тестілеу материалдарын алады;
тестілеу материалдарын үлестіреді және толтыру ережелерін түсіндіреді;
жауап парақтарының және сұрақ кітапшасының мұқабасының дұрыс толтырылуын қадағалайды;
тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдайды;
аудиториядағы тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
БТС ӨТКІЗУ
Тестілеу кезіндегі оқушыларға арналған ереже:
бір орыннан екінші орынға ауысуға болмайды;
БТСкітапшасын басқа оқушының кітапшасымен айырбастауға болмайды;
калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі таблицасынан басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға болмайды;
қасындағы оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, сондай-ақ шпаргалка қолдануға болмайды;
кезекшінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға болмайды.