Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің "№70 мектеп-лицей" сайтына қош келдіңіздер!!!
2018-2019 оқу жылы Мектепішілік “Жас Ұлан” ұйымының Ұланбасы және Көшбасшыларын тағайындау мақсатындағы сайлау
Астана қаласы №70 мектеп –лицейінде 7-11 сынып оқушылары арасында 2018жылдың 10қазан күні «Мәңгілік ел ұландары» тақырыбында мектеп –лицей Ұланбасын және 7 бағыт бойынша бағыт Көшбасшыларына тағайындау мақсатында сайлауы өтті. Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге ат салысады, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады. Іс –шараны мектеп аға тәлімгері Жақсылық Айжан Ермаханқызы басшылыққа алды