Қызылшадан қалай сақтануға болады?
Қызылша мен қызамық– біріне бірі өте ұқсас жұқпалар. Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі – денеде бөртпелердің пайда болуы.
Қызылша. Вирус адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді, онда көбейіп, қанға енеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік маыйн зақымдайды.
Қызылша қалай өтеді?Тұмау ауруларына ұқсайтын белгілерден басталады (дене қызуының көтерілуі. Жөтел, көздің жасаурауы, мұрынның ылғалдануы). Бұл жағдай 2-3 күнге созылады, содан соң денеде анық қызық бірігетін бөртпелер пайда болады, бастапқыда бетте, құлақтың артында, сонан соң барлық денеге тарайды. Ауру айналасындағылар үшін денесіне бөртпелер пайда болғанда дейін 4 күн, пайда болғаннаң кейін 4 күн ішінде залалды болып саналады.
Қызылшаның қауіпті неде?Қызылша асқынуларымен қауіпті, олар - ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхоның, ми қабықтарының қабынуы. Кез келген асқанудан ауру өліп кетуі мүмкін.
Қызылшаны қалай емдейді? Қызылшаны да кез келген вирусты жұқпа секілді емдеу қиынға соғады. Қызылшаның арна йы емдеу препараты жоқ. Антибиотиктерді тек оның асқаруларын емдеуге пайдаланады. Науқасқа витаминдерге бай тағамдар (көкөністер, жемістер, шырындар), көп мөлшерде сұйықтық ішу қажет.
Қызылшадан қалай сақтану керек.Қызылшадан алдын ала егу арқылы ғана сақтануға болады. Қызылшадан сақтанудың бұл әдісі өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастапе 1 және 6 жастағы балалар егіліп келеді. Қызылшаға қарсы вакцинаныы ойлап шығару – бұл медицина қылымының үлкен жеңісі.
Есте сақтаңыз!Егуден бас тарта отырып, Сіз өте ауыр, асқынулары, тіпті өліп кету кету қауіпті бар ауруды таңдағаныңыз.
Қызылша аурунан сақтанудың ең сенімді кепілі –
ол ВАКЦИНАЦИЯ.