«Ұрпаққа үлгі қолөнер» атты шеберлік сағаты
14 қараша күні №70 мектеп-лицейінде "Рухани жаңғыру" және "Қолөнер-өркениет керуені" жобасы аясында «Ұрпаққа үлгі қолөнер» атты шеберлік сағаты өтті.
Қолөнер - халықтың болмысы, ұлттық мұрасы, қазынасы. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін, ою-өрнектерді, табиғи шикізатты пайдалана отырып, тұрмыстық заттарды да жасаған. Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй тұрмысына қажетті бұйымдарды жасап қана қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, көркемдеп қашауды, ағаш бетінде нақышты өрнектер салуды шебер меңгерген. Өнердің бұл түрімен ата-бабаларымыз сонау көне дәуірінен бастап айналысқан. Шеберлер ұлттық қолөнерлер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет.Қазіргі кезде ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін қолөнерге байланысты үйірмелер, мектепте технология пәні болып табылады. Оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан сабақ барысында түрлі бұйымдар жасап, шеберліктерін шыңдап, білімдерін жетілдіріп отырады.
Шеберлік сағатына тоқыма өнерін халық арасында кеңінен насихаттап жүрген әлеуметтік кәсіпкер «Берген» шеберханасының басшысы Рахима Бергенқызы келіп қатысты. Ол өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жастарды ұлттық өнерге баулу, жалпы өнерді насихаттау туралы ой білдірді. Оқушылар да шеберге сұрақ қойып, жақсы пікір алмасу болды. Ата-аналар да шарада белсенділік танытып, ұлттық өнерді ұлықтау үлгілерін паш етті. Тоқыма бұйымдарына қазір сұраныс жоғары. Соңғы жылдары сәнге еніп, қыз-келіншектер тоқыма киімдеріне көбірек қызығушылық танытады. Сондықтан оқушылар сәнге айналған ұлттық құндылықты дәріптеп, оны кеңінен таратуға ынталы. Ұйымдастырған: технология пәнінің мұғалімі Ахметова Г.Я.