Иа (165) | 165 |
Жоқ (122) | 122 |
№70 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың бірінші қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды.
Мектеп-лицейдің ғимаратының ерекшелігі: жобалық сыйымдылығы – 1 200 орындық. Жалпы ауданы – 10 127 кв.м. Мектеп ғимаратында 44 оқу кабинеті: оның ішінде 2 мультимедиялық, интернет жүйесіне қосылған 12 интерактивті тақта орнатылған кабинет. Акт залының сыйымдылығы – 360 орындық, асхана – 408 орындық. Балалардың спорттық қабілеттерін дамытуға арналған гимнастика залы, спорт залы бар. Мектеп-лицейдің сыртқы алаңдарының басты ерекшелігі: 3 қимыл-қозғалыс алаңы, 5 демалу алаңы, 9 арнайы спорттық ойындарға жабдықталған.
Оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Оқу мекемесінің бейіндік бағыты – жаратылыстану-математикалық.
Бастауыш сыныптардағы оқушылардың шетел тілін меңгеруіне бағыттау мақсатында ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін «Speaking English» 2-4 сыныптарда 2 сағаттан, 1 сыныптарда 1 сағаттан; оқушылардың логикалық ой-өрістерін кеңейту мақсатында 1-4 сыныптарға 1 сағаттан «Логика» курсы енгізілді. Күшай Тердікбайдың авторлық бағдарламасы «Олимпиадалық математика және ойлауды дамыту» 1-4 сыныптарға енгізілді.
Оқушылардыңболашақта мектепте үш тілде пәндерді оқытуға дайындау мақсатында және тәжірибелік алаң «Mathematics» ағылшын тіліндегі математика курсы 5-7 сыныптарға аптасына 1 сағат енгізілді.
9 сыныптан «Ядролық физика» оқытылуда.
Қазіргі күні 1-11 сынып аралығында - 1829 оқушы, даярлық тобында - 29 оқушы білім алады. 1 сыныптарда оқушылардың оқу әрекетін қалыптасыру, әрі қабілетіне сай қосымша білім алуына жағдай орнату үшін ұзартылған күн тобы ұйымдастырылды.
Мектеп-лицей оқушыларының 70 пайызы бос уақытында мектепішілік футбол, баскетбол, волейбол, каратэ, ушу, би өнері, қолөнер, домбыра үйрену «Күй керуені», «English theatre» ағылшын тіліндегі театр үйірмелері5-8 сыныптарға 1 сағаттан, «Artстудия» үйірмесі 5-7 сыныптарға 1 сағаттан қатысады.
Жеке тұлғаның бәсекеге қабілетті құзіреттілігін дамытуына үлес қосып жатқан мектеп-лицейдің ұстаздар қауымының сапалық құрамы: Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі төсбелгісімен – 3 мұғалім марапатталған, біліктілік санатыжоғары – 30 (оның ішінде педагогика ғылымдарының докторы –1, педагогика ғылымдарының кандидаты –1) мұғалім; бірінші санатты – 21, екінші – 24, магистранттар – 4 мұғалім. Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың жеті модульдік технологияларымен 14 мұғалім, Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясымен -5 мұғалім, СТО- 25 мұғалім, деңгейлеп саралап оқыту техногиясымен – 12 мұғалім, Вассерманның «Биоақпараттық» және «Синергетикалық» технологиясымен – 3 мұғалім оқушыларға білім береді.
Оқушы мен ұстаздың шығармашылықпен бірлескен әрекетінің нәтижесінде 2012-2013 оқу жылында келесі жетістіктерге жеттік:
Оқушылардың жетістіктері: «Көшбасшы оқушы» қалалық сайысында 2012ж 10 «Б» сынып оқушысы Асауов Нариман «Алғыр» номинациясы бойыншаЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 1 желтоқсанында қабылдауында болса, 2013ж. 11 «Б» сынып оқушысы Әбдішүкір Ұлан «Білікті» оқушы номинациясын 10 көшбасшы оқушылар қатарына қосылды.
Инновациялық әрекеттен нәтижеге
Адам баласы жан жемісін таппай, өмірдің терең мағынасын, шын мақсатын түсіне алмайды. Жан жемісі дегеніміз саналы оқу-білім мен тәрбие, ал сол жемісті беретін мәуелі ағашымыз – мектеп. Елордамызда екі жылдан бері білімнің нәрін сусындатып, болашақ ұрпаққа саналы білім мен тәрбиені ізгілік тұрғысында беріп келе жатқан білім орны - №70 мектеп-лицейі. Бұл мекеме 2012 жылдың бірінші қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды.
Уақыт талабына сай ғимараты үйлескен мектеп-лицей 1 200 оқушыға арналған. 52 оқу кабинеті, оның ішінде интернет жүйесіне қосылған 2 мультимедиялық, 26 интерактивті тақтамен жабдықталған. Акт залының сыйымдылығы – 360 орындық, асхана – 408 орындық. Балалардың спорттық қабілеттерін дамытуға арналған гимнастика және спорт залы бар. Мектеп-лицейдің сыртқы алаңдарының басты ерекшелігі: 3 қимыл-қозғалыс алаңы, 5 демалу алаңы, 9 арнайы спорттық ойындарға жабдықталған.
Оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізілсе, ал бейіндік бағыты – жаратылыстану-математикалық.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін алға қойып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін ең алдымен математика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасын іске қостық. «Mathematics» 5-6-7 сыныптар бойынша аптасына 1 сағаттан дәріс беріледі. Жұмыс барысындағы басты мәселе - ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру. Бұл бағдарлама 5-6-7-сыныптағы математика курсын толық қамтиды. Ал осы курсқа қосымша көмек ретінде бастауыш сатыдан ағылшын тілін меңгертуді бастауға бағыт алдық. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін «Speaking English» 1 сыныптарда 1 сағаттан (стандарт бойынша тағы 1 сағаты бар), ал 2-4 сыныптарда 2 сағаттан; оқушылардың логикалық ой-өрістерін кеңейту мақсатында 1-4 сыныптарға 1 сағаттан «Логика» курсы енгізілді. Күшай Тердікбайдың авторлық бағдарламасы «Олимпиадалық математика және ойлауды дамыту» курсы 1-4 сыныптарға енгізілсе, кәсіпке бейімдеу бағыитында 9 сыныптан бастап «Ядролық физика» оқытылуда.
Білімнің нәрін балаға сусындатып, оның нәтижесін ұлттық бірыңғай тестілеуде көру әр ұстаздың бақыты. Ол бақытқа жету үшін мектеп әкімшілігі мектеп-лицейге мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап тестілеуге дайындық есебінде білімді тексеру сынағы (БТС) құрылып, жүйелі түрде тоқсан сайын оқушының білімі сараланады. Бастауыш сатыдан бастап олимпиадаға дайындық топтары құрылып, ай сайын пән олимпиадалары дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұл әдістер ата-ананың сұранысын да қанағаттандыруда.
Қазіргі күні 1-11 сынып аралығында 1527 оқушы. 1 сыныптарда оқушылардың оқу әрекетін қалыптасыру, әрі қабілетіне сай қосымша білім алуына жағдай орнату үшін ұзартылған күн тобы ұйымдастырылды.
Мектеп-лицейдің 5-8 сынып оқушыларының 70 пайызы бос уақытында мектепішілік футбол, баскетбол, волейбол, каратэ, би өнері, қолөнер, «Күй керуені» атты домбыра үйрену, «English theatre» ағылшын тіліндегі театры, «Artстудия» үйірмелеріне қатысып, өмірде қолдануға қажетті жан-жақты қабілеттерін дамытып шыңдауда.
«Дәуір даналарын ілестіреді, ұстаз білімділікті үлестіреді» деген даналы сөздер ұстаз атаулы қауымның кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, заманауи талапқа сай жұмысты талап ететін білікті басшының басқаруымен мектептің көгерері анық. Мектеп-лицей ашылғалы бері екі жыл ішінде директорлық қызметінде Казиева Марал Кадикенқызы жауапкершілікпен міндетін атқарып келеді. Алғырлығы мен көрегендігі, шешім қабылдай білу білігі мен ұтқырлығы, мейірімділігі мен қайырымдылығы қатар жүретін, өз тағдырын халқының болашақ ұрпағының білім алу тағдырымен үнемі байланыста ұстайтын көшбасшы-басшы деп мектеп ұжымы таныды. Ақпараттар тасқыны уақытында адам баласының өсіп жетілу кезеңінде қоғамның жаңаруы мен әлем елдерінің білім беру саласында реформалану жүріп жатқанда өзінің креативті жаңа ойларымен ұстаздар қауымын білім мен тәрбие беруде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатына жұмылдырды. Ұжымда шығармашылыққа ықыласы оянған ұстаздар тобының жаңа ағысы «Шапағат» қауымдастығын құрып, нәтижеге бағытталған білім ордасының іргетасын қалады.
Ол мектептегі «Шапағат» мұғалімдер қауымдастығының жұмысына бағыт бере отырып, жалпы білім беретін пәндердің сапалы берілуіне басты назарда ұстап, әрбір оқушының білім алуына қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтты. Ізгілікті ісімен білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асыруда соңғы екі жылда елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, жас мамандар арасындағы қалалық байқауда І, ІІІ орындар; қалалық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» конкурсында І орын, «Талантты ұстаз - дарынды балаларға» атты қалалық байқауда жүлделі І, ІІ орындар, республикада грамота; қалалық «Үздік мектеп психологы» жүлделі ІІ, ІІІ орынға, республикалық деңгейде грамота; қалалық «Үздік дене шынықтыру мұғалімдерінің бірлестігі-2013» байқауында І орын, қалалық «Үздік тарих пәні мұғалімі 2014» байқауында ІІІ орынға ие болса, қалалық педагогтар арасындағы «Жаңа педагогикалық инновациялық идеялар фестивалі» конкурсынан ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, республикалық кезеңде жүлделі ІІІ орындарға иеленді. Астана қаласы білім беру ұйымдарындағы талантты мұғалімдерді анықтау және педагог мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік ұстаз-2013» байқауында бас жүлде, республикада грант иегері, «Үздік ұстаз-2014» ІІІ орынға ие болып жетістіктерге қол жеткізді.
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірту бағытында ұстаздар оқушыларды тәрбиелеу, әрі дамытуға бағытталған сыныптағы күнделікті бірлескен жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етуде. Олай болса, тәрбие бағытындағы оқушылардың жетістіктері театр жанры бойынша ұлттық Дельфийлік ойындарында алтын медаль, бейнелеу өнері жанрында күміс медаль, әскери саптық шеруде І орын, спорттың волейбол командасы ІІІ орынды иеленіп жетістікке жетуде.
Оқу үрдісінде оқушы мен ұстаздың шығармашылықпен бірлескен әрекетінің нәтижесінде екі жылда жалпы білім беретін пән олимпиадаларында аудандық деңгейде 47 оқушы, қалалықта 16, республикалық – 2, халықаралық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында 9 В сынып оқушысы Рабхан Ақерке жүлделі ІІ дәреджелі дипломмен марапатталып келсе, Үндістан мемлекетіндегі «AMITY-2014» (ACSO) Нью-Дели қаласындағы халықаралық пәндік олимпиадада математикадан 11 сынып оқушысы Сауленбекова Мадина қатысты.
Ал ғылыми жобалар конкурстарында қалалық деңгейде 25, республикалық 2, халықаралық 13 оқушы жүлделі орындары (Ресей, Грузия), оның ішінде екі алтын, екі күміс, 5 қола медальдарға иеленіп, ұстаздардың еңбегін ақтады.
Ұстаз еңбегінің тағы бір қырын ашатын, оқушының нақты білімін бағалайтын тиімді әдіс ҰБТ сынағы. Тестілеуде әрбір кешегі мектеп түлегі, бүгінгі талапкер өз білімін тексеріп шыңдайды, әрі мұғалімнің еңбегі өлшенбек. Екі жылдағы ҰБТ көрсеткіштері 2012-2013 оқу жылында 87 пайыз болса, 2013-2014 оқу жылында 91 пайызды құрады, 4 алтын белгі аттестатына мектеп түлектерінің иеленгені тәжірибелі ұстаздар ұжымының жемісі деп білеміз.
Осындай ұстаздардан білім алған әрбір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал, біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса, №70 мектеп-лицейдің түлектері еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінуіне үлес қосарына, өмірдің биік шыңдарын бағындыратынына сенімдіміз.
Білім көзі бастауышта демекші, мен де мектебіміздің бастауыш сыныптарына толығырақ тоқтасам деймин.
Мектепте бірінші сынып оқушыларына қосымша сабақтар өткізу мақсатында ұзартылған күн тобы ұйымдастырылған. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың шетел тілін меңгеруіне бағыттау мақсатында ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін «Speaking English» 2-4 сыныптарда 2 сағаттан, 1 сыныптарда 1 сағаттан; оқушылардың логикалық ой-өрістерін кеңейту мақсатында 1-4 сыныптарға 1 сағаттан «Логика» курсы енгізілді. Күшай Тердікбайдың авторлық бағдарламасы «Олимпиадалық математика және ойлауды дамыту» 1-4 сыныптарға енгізілді.
Тарыдай болып кіретін кішкентай бүлдіршіндерге оңы мен солын танытып, барлық ауыртпалықты көтеретін бастауыш сынып мұғалімдері. Бастауыш сыныптарда мұғалімдер оқу үрдісінде де, бала өмірінде де ерекше орын алатын жан. Сондықтан ұстаз халық сенімін ақтайтын кәсіпқой, қоғам талабына сай білімін жетілдіріп, үнемі ізденіп отыруы тиіс.
№ 70 мектеп – лицейінің мұғалімдері де жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланатын, шығармашылық қабілеттері бар, оқушылардың талабы мен жетістіктерін мақтан ететін асыл жандар. Олар қала, республика көлемінде ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысып, білім жетілдіру курстарына барып тұрады.
Көлемді жұмыстарды айтатын болсақ, осы 2013-2014 оқу жылында №70 мектеп –лицейдің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде қазан айының 14-19 аралығында оқу үрдісінде жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру, мұғалімнің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Жаңа технология-жаңаша оқытудың көзі» тақырыбында, апталық өткізілді. Апталықта Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша Г.Қ. Тажибаева. Тайжанова А.Д. ашық сабақтар өткізді. Сабақтар өте жоғары деңгейде өтіп, мұғалімдер оқушылардың өз ойын ашық жеткізу, еркін сөйлеу, жан-жақты ізденімпаздық қабілеттерінің жоғары екенін байқап, өз сабақтарында осы технологияны қолданатындарын айтты. 2 «В» сыныбында Кембридж бағдарламасының 3-деңгейлі курсы бойынша ашық сабақ ұйымдастырылып, өткізілді. Сынып жетекшісі Бақбаева Н.С. Технологияның тиімділігі оқушылар бірін-бірі бағалайды, ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланды. 4 сыныптар аралығында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында шығарма жазу сайысы өтті. Сонымен қатар «Зерде» ғылыми жұмыстар зерттеу тақыраптарына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2 сыныптар аралығында «Күз ханшайымы» сайысы өтті. 3 сыныптар аралығында «Күз сыйы» тақырыбында экибана жасау сайысы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталып, үлес қосқан мұғалімдердің еңбегі аталып өтті.
Осы оқу жылының наурыз айында «Бастауыш сыныптарда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы оқушыға сапалы білім беру» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылып, қала мектептерінің мұғалімдері шақырылды. Семинарда Г.Қ. Тажибаева ана тілі пәнінен Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша, Б.С. Ещанова математика пәнінен «БиС» технологиясы бойынша. А.А. Солтанбекова математика пәнінен «Ақпараттық – коммуникативтік» технологиясы бойынша, Г.С. Дулыбаева, Б.Ардақ, Л.К. Башеева қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен Кембридж бағдарламасының 3 деңгейлі курсы бойынша кіріктірілген сабақ, Н.Ж. Төлегенова, Р. Қуанов, С. Ш. Сүлейменова еңбек, бейнелеу, музыка пәндерінен 12 жылдық білім беруге дайындық есебінде кіріктірілген сабақ, жас маман А. Забенов дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар көрсетті. Семинар нәтижесінде аталған сабақтар нәтижелі болып, ұстаздар Білім басқармасының алғыс хатымен марапатталуы ұсынылды.
Сонымен қатар мектебімізде Н.А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадада қатысқан А.Д. Тайжанованың сынып оқушылары бас жүлде, Г.Қ. Тажибаеваның сынып оқушылары бас жүлде мен екінші орын, З.Т. Увалиеваның сынып оқушылары бірінші орынды иеленді.
Желтоқсан айындаТұңғыш Президент күні мен ел тәуелсіздігіне орай Білім басқармасы мен «Атамекен Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог», «Үздік сабақ» байқауына бастауыш сынып бірлестігінен сегіз мұғалім қатысып, «Үздік ұстаз» байқауынан Г.Қ. Тажибаева 1-ші орын, «Үздік сабақ» байқауынан Ж.А. Желдібаева 2-ші орын, қалған ұстаздар номинациялармен марапатталды.
Д.М. Қойшыбаева мұғалімнің оқушылары қалалық пәндік олимпиадада 1-2 орын, «Зерде» математикалық мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген математикалық олимпиададан 1-2 орын, қалалық шығармалар сайысында 2-3 орын, «Абай оқулары» сайысында әннен бас жүлдеге ие болып мектеп ұжымын қуантты. «Зерде» ғылыми жобалар сайысына қатысқан Дулыбаева Г. С., Кожахметова А. С. Оқушылары 2 –ші орынды, Тайжанова А. Д. Оқушысы 3- ші орынды иеленген болатын. Төлегенова Н. Ж. шәкірттері қалалық «Математикалық тартыс» сайысында 2 орын, қалалық пәндік олимпиадада 3 орын, «Зерде» ғылыми жобалар сайысында 3 орын, «Абай оқулары» сайысында 2 орындар алып ұстаз еңбегін ақтады.
Аталған аталмаған жұмыстардың нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының 2 жылдық сапа көрсеткіші төмендегідей:
Мектеп атауы |
Оқу жылы |
Оқушылар саны |
Үздіктер |
Екпінділер |
Білім сапасы |
Үлгерімі |
№ 70 мектеп-лицей |
2012-2013 о\ж |
686 |
205 |
283 |
71,1% |
100% |
2013-2014 о\ж |
824 |
321 |
306 |
75,8% |
100% |
|
|
|
|
|
|
|
Оқу просессінде оқушылардың білім сапасын көтерудің жолдарының бірі тексеру. Сондықтан да, мектебімізде бірінші сыныпты соңынан бастап, әр тоқсанда белгіленген мерзімде дәстүрлі бақылау жұмыстарымен қатар БТС (білім тексеру сынағы) жалпы әкімшілік ережелеріне сай өтіп тұрады. Сонымен қатар әр тоқсан соңында 2 сыныптан бастап мектепішілік пәндік олимпиадалар ұйымдастырылады. Бұл іс-шараның өтілу мақсаты дарынды оқушыларды анықтап, білімдерін тереңдетіп, жетістіктерге жетелеу.
Оқушылардың білім деңгейін анықтау кезінде оның жүйелігі, шынайлығы бірінші орында тұрады. Әр тоқсандағы пәндер бойынша БТС қорытындысы әдістемелік бірлестік отырысында, педагогикалық кеңесте талқыланады және мектеп-лицейдің сайтында жарияланады. Барлық білім тексеру жұмыстарының нәтижелері жүйеленіп, тоқсандық, жылдық білім сапасының мониторингі жасалып отырады. Нәтижесіне қарай білім, білік дағдылары есепке алынып, түзеу жұмыстары жүргізіледі. Қысқа мерзім жұмыс атқарғанымен мектеп – лицейдің әкімшілігі, оның ішінде бастауыш сыныптарының оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасары Төлегенова Нагила Жолтайқызы мен мұғалімдердің ұйымдастыруымен білім сапасын көтерудегі жасалып жатқан жұмыстары жүйелі түрде қалыптасып, өз жемістерін беруде.
Әр оқушымен жеке тіл табу, дарынды оқушыларды анықтап, жеке жұмыс жасау мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімге қойылған маңызды талаптардың бастысы болып табылады.
Мектеп- лицейімізде оқыту жұмыстармен қатар тәрбие жұмыстары белсене жүргізілуде. Мерекелік, спорттық іс –шаралар тек оқушылармен емес, сонымен қатар ата-аналармен бірлесіп өтеді. Балалардың оқу орны мен ата – аналардың байланысы тығыз. Ата-ана пікірлері, өтініштері өз орнын тауып жатады. Балаларға сабақтан тыс уақытта мектеп қабырғасында спорт секциялары, үйірмелерге қатысуына жағдай жасалған. Сол себептен бұл мектептің шәкірттері жан-жақты дамыған, шығармашылық тұлға болатынына кәміл сенемін.
Жоғарыда айтылған жетістіктерге ұстаздарды жетелеп отырған мектеп басшысы Казиева Марал Кадикеновна. Осы Астана қаласының №70 мектеп – лицейін одан әрі көркейтіп, білімді де білікті ұжым қалыптастырып, қоғам талабына сай сапалы білім беруде тәжірибелі білім ордасын қалау жолында жұмыстарды жүзеге асырып жүрген мектеп басшысы туралы айтпай кету мүмкін емес. Жаңарулардың ортасында жүріп, жаңашыл жұмыстарды жүзеге асыру жолында жүрген басшысы бар мектептің алатын асулары алда деп ойлаймын.