Иа (165) | 165 |
Жоқ (122) | 122 |
«Жас Ұлан» өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым болып танылады.
Мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
- Қазақстан тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
жас ұрпақты тәрбиелеуде балалар ұйымы қызметінің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамда айқындау;
балалар мен жасөспірімдердің түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
жас қазақстандықтарды толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
балалар мен жасөспірімдердің қоршаған ортаға, табиғатқа, экологиялық хал-ахуалға жанашырлықпен қарауға баулу оң көзқарасын қалыптастыру;
баланың интеллектуалды, рухани дамуының, тұлғалық, көшбасшылық қабілеттерінің жетілуіне ықпал етудің жаңа әдістемелерін жасау;
қоғамда «Жас Ұлан» ұйымы туралы оң пікір қалыптасты.
Бірінші бағыт:
«Зерде»(танымдық) бағыты - өзін-өзі тану, отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманғы ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың зияткерлік деңгейінің көтерілуін, жан-жақты көзқарасының кеңеюін жетілдіруге, үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды.
Екінші бағыт:
«Руханият» (адамгершілік, адалдық) бағыты - балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие болуға және Отанға, еңбекке, жалпы қоршаған ортаға, өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу. Даму және дамыту, ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдіру. Жақсылық атаулыға деген сезімді арттыратын, жамандыққа жол бермейтін; ата-ана, туыс, достар, ұжым, халқы, Отан алдындағы парызды сезінетін, адалдық, адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.
Үшінші бағыт:
«Отан» (патриоттық) бағыты - Отанымыз – Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму, нығаю жолдарымен таныстыратын, халық тарихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шет елде тұратын қазақ балаларымен байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам-мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгертіп, оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қамтиды.
Төртінші бағыт:
«Салауат» (салауатты өмір салты) бағыты – ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамассыз ететін, гигиеналық дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды игеретін, олардың пайда болу және даму тарихымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталандыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктерімен таныстыратын шараларды қамтиды.
Бесінші бағыт:
«Еңбек» (еңбексүйгіштік, іскерлік) бағыты – жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін қоғамдық негізде ұйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде қең таралған еңбек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрену. Туған өлкесіндегі әр кезеңде еңбегімен танымал болған атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен танысып, оны мақтаныш етуге, өнер түрлері (қолөнер, сурет, мүсіндеу, архитектура, т.б.) туралы түсініктемелерін кеңейтуге, еңбек рахатын, сұлулығын сезіне білуге ықпал ететін шараларды қамтиды.
Алтыншы бағыт:
«Жеті жарғы» (құқықтық) бағыты – мектеп Жарғысын, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелерін білуге, оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарына құрметпен қарауға, жеткіншектердің күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасай білуіне ықпал ететін, өз мемлекетінің азаматтарына қамқорлықпен қарап, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқықтық маңызы бар шараларды қамтиды
Жетінші бағыт :
«Экоәлем» (экологиялық) бағыты – табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын көре білуге, оны қорғауға, туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, экологиялық зардаптардың себебін түсініп, оны жоюға ұмтылдыратын, жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байланысын сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды.